Көз тартатын шашқа арналған 5 тәсіл

КӨЗ ТАРТАТЫН ШАШҚА АРНАЛҒАН 5 ТӘСІЛ

Шашыңыз бен бас теріңіздің керемет көрінуіне арналған маңызды шарттар.

  • 1
    Бірнеше ашық кокос жаңғағы

    ШАШЫҢЫЗ БЕН БАС ТЕРІҢІЗДІ ҚОЛМЕН ҰСТАМАҢЫЗ

    Саусақтарыңыз тынымсыз ба? Біз сізге бірінші болып айтайық: бас теріңізді ұстай беруді қойыңыз! Саусақтардың терісін лас заттар және бактериялар бітеген, сондықтан бас теріңізді жиі ұстау оны тітіркендіреді. Қосымша бонус ретінде (немесе қарапайым гигиена), қолдарыңызды жуып, әрдайым таза ұстаңыз. Бірақ сіздің тынымсыз саусақтарыңыз күні бойы әр түрлі жерде жүргенін ұмытып кету оңай, сондықтан да нашар әдетті қойыңыз.

  • 2
    кокосты ашатын адам

    ШАШЫҢЫЗҒА ЖАРАСЫМДЫ СӘН ҮЛГІСІН ТАҢДАҢЫЗ

    Біз авангардты шаш үлгісімен жүре алатын адуын, батыл тұлға болғымыз келеді. Бірақ ирокез немесе балық құйрығы шаш стилі бәрімізге жараса бермейтіні ащы шындық. Бірақ тіпті қарапайым шаш үлгілерімен де бет пішімінің артықшылығын көрсетіп, бет келбетіңізге жарасымды шаш үлгісін таңдау керек. Өзіңіз сенетін шаштаразға тауып алыңыз да, бет келбетіңізді ашатын өзіңізге жарасымды ең сәнді шаш үлгісін тапқанша онымен бірге жұмыс істеңіз.

  • 3
    бір стақан кокос майы бар кокос

    ШАШТЫ СӘНДЕУДІ УАҚЫТША ТОҚТАТУ

    Ерекше жағдайлар сәнді шаштарды - артқа жалатылған, бұйраланған, сәнді қайырылған шаш (атақты Король Элвис) үлгілерін қажет етеді. Дегенмен, шаш стильдерін тым жиі өзгерту тері тесіктерін бітеп, шашқа нәрлі заттардың енуін шектеп, бас терісін тітіркендіреді. Бас теріңіздің мүмкіндігінше табиғи дем алуына мүмкіндік беріңіз немесе өзіңізді сергек және таза көрсететін шаш үлгісін қолданыңыз.

  • 4
    балғын жемістер

    ТЫМ АРТЫҚ ЖУМАУ

    Күніне бір алма, дәрігерді мазалама...және көріксіз шаштан аулақ бол! Балғын жемістер сіздің бас теріңізді құнарландыратын антиоксиданттарға толы. Цитрус жемістері шаштың жылтырауын арттырып, оны жылтыраған күйде сақтайтын С дәруменіне бай. Бас теріңізді жаңа піскен жидектен де балғын ету үшін күнделікті бір порция жеміс жеңіз, сонда шашыңыз ең сау қалады.

  • 5
    балғын жемістер

    БАС ТЕРІҢІЗДІ ТОЛЫҚ ТАЗАЛАУ

    Тіпті ең жауапты адамдар да арасында шаш жууды ұмытып кетеді. Көптеген ер адамдар, әсіресе ылғал климатта тұратындар, күніне бір реттен артық шаштарын жуатынын білсеңіз. Сусабынды азырақ ағызу керек, өйткені тым артық жуу бас теріңіздегі маңызды майларды сыдырып, шашыңызды әлсіз және құрғақ етіп көрсетеді. Жақсылап ылғалдандыруды есте сақтаңыз және шаштың сау болуы үшін күніне бір рет жуыңыз.