Қайызғақтан құтылудың 5 қадамы

ҚАЙЫЗҒАҚТАН ҚҰТЫЛУДЫҢ 5 ҚАДАМЫ

Біздің қарапайым кеңестерге сүйене отырып, сол ақ қабыршақтарды жойыңыз.

Егер сіз көйлектеріңізде біршама уақыт бойы ақ түсті қабыршақтар көріп жүрсеңіз, сізге берер жаңалығымыз: сізде қайызғақ бар, және ол жақын арада кете қоймайды. Бақытыңызға орай, сіздер үшін қайызғақты жою ғана емес, бірақ оның бір кездері қайта келіп қалмауы үшін, бізде сіз үшін бес пайдалы кеңес бар. Бас терісін қалай тазартуға болатындығын білу үшін оқыңыз.

1. ҚАЙЫЗҒАҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕБІН БІЛІҢІЗ

Шабуыл алдында жауыңызды біліңіз. Қайызғақтың пайда болуына көптеген факторлар себеп болады, сондықтан оны емдеу алдында сіздің факторыңыз қандай екенін білу маңызды. Malassezia құрғауы, майлы жерлерде шығатын ашытқы тәрізді зеңдер - қайызғақтың жиі кездесетін себептерінің бірі. Бас терісі зақымданғанда, бұл табиғи қорғаныстардың бұзылуына әкеліп соғады және Malassezia өндіретін тітіркендіргіштер бас терісіне кедергі жасайды, бұл қалыпты жағдайларға қарағанда көбірек терінің пайда болуына және шашылуына әкеледі. Бұл тері жасушалары сіздің бас теріңізден құлайтын, қайызғақ ретінде танымал ақ қабыршақтарға айналады.

Қайызғақтан құтылудың 5 қадамы - Қайызғақ себептері
Қайызғақтан құтылудың 5 қадамы - Бас теріңізді ылғалдандырыңыз

2. БАС ТЕРІҢІЗДІ ЫЛҒАЛДАНДЫРЫҢЫЗ

Сіз күнделікті сегіз стақан су ішесіз бе? Cусыздану құрғақ бас терісіне алып келуі мүмкін және қышу мен қабыну сияқты қайызғақ белгілерін арттырады. Жоғалған ылғалды қалпына келтіру үшін H2O ішуді арттырумен қоса, бас теріңіз ыстықтан құрғамау үшін шуақты күндері қалпақ киіңіз немесе қолшатыр қолданыңыз. Шашыңызды тым артық сәндеу де оның құрғауына алып келеді, сондықтан фендер, шаш бұйралайтын қысқыштар және шашты үтіктеу құралдарын қолдануды азайтыңыз.

3. АРТЫҚ МАЙЛАРДАН ҚҰТЫЛЫҢЫЗ

Шаштарыңызды жылтыр және ылғалды күйде сақтау үшін, бас теріңіз тері майын шығарады, ол бас терісін ылғалдандыратын қорғаныс қабаты ретінде ағзаңыздан бөлінетін табиғи май. Бірақ бір нәрсенің тым көп болуы ешқашан жақсы болған емес - бас терісінде шамадан тыс май бөлінуі қайызғақтың пайда болуына апарады.

Май бөліну дәрежесі шашыңызды сәндеуге арналған өнімдерді азайтумен және шашыңызды сабындағаннан кейін мұқият шаюмен азаюы мүмкін. Бұл шашыңызды жағымсыз әрі лас етіп көрсететін бас терісінде жиналатын қалдықтарды жояды.

Қайызғақтан құтылудың 5 қадамы - Артық майлардан құтылыңыз
Қайызғақтан құтылудың 5 қадамы - Табиғи препараттар

4. ТАБИҒИ ПРЕПАРАТТАРДЫ СЫНАП КӨРІҢІЗ

Сіздің асханаңыз қайызғаққа қарсы мәселелерге төтеп беруде керекті зертханаға айналуы мүмкін. Табиғи препараттар таңғалдырарлықтай әсер етуі ықтимал: алма сірке суымен басыңызды шаю бас терісіндегі микробтар көлемін азайтады. Ыңғайлы әрі кәсіби қалпына келтіру үшін, CLEAR компаниясының антиоксиданттармен қамтамасыз етуге және бас терісінің қайызғаққа табиғи төтеп беру қасиетін күшейтумен танымал зімбір, киви, көк шай мен чиа түйіршіктерімен байытылған Табиғи заттар сұрыптамасын байқап көруіңізге болады.

5. ҚАЙЫЗҒАҚҚА ҚАРСЫ СУСАБЫН ҚОЛДАНЫҢЫЗ

Бұл ең айқын қадам болып көрінуі мүмкін, алайда айта кету қажет, көптеген адамдар қайызғаққа қарсы өнім таңдауда қателесіп, мәселені ушықтырып алады.

Нәтижелі, қайызғақты толықтай емдеуге Биостимулятор қосылуымен арнайы дайындалған, қайталанба қайызғақ мәселесіне* төтеп беруге CLEAR сусабынын қолдануды бастаңыз. Тұрақты пайдалану барысында сусабын шашыңызды құнарландырып, жұмсақ, сау көркінде және қабыршақсыз* сақтай отырып, қайталанба қайызғақ мәселесімен* күреседі.

Қайызғақтан құтылудың 5 қадамы - Қайызғаққа қарсы сусабын пайдаланыңыз

Осы қарапайым бес қадамды бүгіннен бастаңыз және сіз өзіңізді қайталанба қайызғақ мәселесінен* бас терісіне зақым келтіріп алудан тез арада құтылғаныңызды аңғарасыз және әлемге жасыратын ештеңесіз, сенімділікпен қарауға дайын боласыз.

*тұрақты пайдалану кезінде көзге көрінетін қабыршақтар болмайды