Керемет шаш пен бас терісі үшін жақсы тамақтаныңыз

КЕРЕМЕТ ШАШ ПЕН БАС ТЕРІСІ ҮШІН ЖАҚСЫ ТАМАҚТАНЫҢЫЗ

Күніне бір алма нашар шаштан алшақ болуға көмектеседі ме?

  • 1
    Бірнеше ашық кокос жаңғағы

    БАЛҒЫН ЖЕМІСТЕР БАЛҒЫН БАС ТЕРІСІ ҮШІН

    Ханымдар, біз сіздердің жұмыс басты екендеріңізді түсіндік. Тамақтану арасында жеміс-жидекті жіберіп алу оңай, алайда сіз деніңізге қажетті дәрумендерді жоғалтып қана қоймай, шашыңыз бен бас теріңізге керекті дәрумендерден айырылудасыз. Жеміс-жидектерді жұмыс барысында аздап болса да қабылдауға не жаттығудан кейін тәтті ретінде қабылдауға уақыт табыңыз. С дәруменіне аса бай апельсин секілді цитрус жемістері сіздің бас теріңіз бен шашыңызды отырыс залынан би алаңына дейін құнарлы қалпын сақтауға көмектеседі.

  • 2
    кокосты ашатын адам

    КОФЕ ІШУДІ ТОҚТАТЫҢЫЗ

    Сізге күн ортасында қосымша күш жинау үшін бесінші шынаяқ кофеге жете алмау қиын болуы мүмкін. Өте көп мөлшердегі кофеин бас теріңізді құрғатып, шашыңызды әлсіз етіп көрсетеді. Оның орнына сергітетін және сіздің шашыңыз бен бас теріңізге қуаттанған әсер беретін жеміс шырынын қабылдауға тырысыңыз. Түстен кейінгі 3-тегі шаршаңқылыққа жоқ деп, күні бойына созылатын балғындыққа иә деңіз!

  • 3
    бір стақан кокос майы бар кокос

    БАС ТЕРІҢІЗДІҢ КҮТІМІНЕ ҚЫЗЫЛ БАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

    Қызғылт, майлы тағамды неліктен жақсы көрмеске? Теңізде балықтардың көптеген түрі бар, соның ішіндегі ақсерке шашыңыз бен бас теріңізді қоректендірумен қамтамасыз ете алады. Құрамында Д дәрумені, ақуыз бен омега-3 май қышқылдары бар ақсерке сіздің бас теріңізді сау әрі теңдессіз етіп көрсететін болады. Бонус: Аз калориялы балықтың бұл түрі шикілей, пісірілген, қақталған күйінде қабылдауға болады... және іс жүзінде кез-келген жолмен дайындауға болады, және осындағы жұмыс басты ханымдарға дайындаулары үшін көп уақыт алмайды.

  • 4
    балғын жемістер

    Мәзіріңізге авокадо қосыңыз

    Авокадо супер тағамдар тізімінде бастапқы орынға ие және біз сіздің оны сүт шәрбаты мен салаттарға тез әрі тойымды жүрек жалғау үшін қосқанды жақсы көретініңізді білеміз. Алайда авокадо шашыңызға қалай керемет әсер ететінін білесіз бе? Дұрыс! В мен Е дәрумендеріне бай майлы жеміс, сіздің бас теріңізді сау, шашыңызға табиғи сау көрік береді. Авокадо - үй жағдайында жасауға болатын шаш маскасы негізінде қолданылады, сондықтан келесі дүкенге шыққанда азық-түлік дүкенінен қамданыңыз.

  • 5
    балғын жемістер

    ВЕГЕТАРИЯНДЫҚ СТРАТЕГИЯ

    Денсаулыққа көкөністерден артық ештеңе жоқ. Шпинат пен брокколи сіздің бас теріңізді маңызды қоректендіргіштер, антиоксиданттармен және дәрумендермен қамтамасыз ету бойынша ғажайып қайнар көз. Оларды пісірілмеген күйінде қабылдау сізге өте жақсы әсер етеді, бірақ сіздердің араңызда оны дәмді деп табатындар аз, сондықтан диетаңызды үйлестірілген қалпында сақтау үшін үгілген ірімшікпен күнделікті қабылдаңыз. Бізге сеніңіз, шашыңыз сіздің барлық киімдеріңізге ең жақсы аксессуарға айналғанда сіз өкінбейсіз!