Шашыңыз бен бас теріңіз үшін ең пайдалы тағамдар

ШАШЫҢЫЗ БЕН БАС ТЕРІҢІЗ ҮШІН ЕҢ ПАЙДАЛЫ ТАҒАМДАР

Шашыңыз бен бас теріңізді әдемі ететін диета.

  • 1
    Бірнеше ашық кокос жаңғағы

    ЖАҚСЫ ҮЙЛЕСІМДІ ДИЕТА

    Барлығы да денесінде 6 шаршы пресс болғанын қалайды. Диетаға отыру - сырадан пайда болған жуан белден арылуға немесе қосымша бұлшық еттерді шынықтыруға көмектесуі мүмкін, бірақ маңызды, нәрлі тағамдарға үнемделу сіздің бас теріңіз бен шашыңызға залалын тигізуі мүмкін. Кәсіби мамандармен сіздің қажеттіліктеріңізге қолайлы теңдестірілген диетаны қамтамасыз ету үшін кеңесіңіз.

  • 2
    кокосты ашатын адам

    БАЛҒЫН ЖЕМІСТЕР

    Күніне бір алма, дәрігерді мазалама...және көріксіз шаштан аулақ бол! Балғын жемістер сіздің бас теріңізді нәрлендіретін дәрумендерге толы. Цитрус жемістері шашқа зиян тиюіне жол бермей, нәрлі қалпында сақтайтын С дәруменіне бай. Бас теріңіздің денсаулығын жақсы қамтамасыз ету үшін және көрікті шашты сақтап қалу үшін күнделікті жеміс-жидектермен қоректенуіңіз керек.

  • 3
    бір стақан кокос майы бар кокос

    САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР

    Әмбебап саңырауқұлақ тіпті ең үлкен ет сүйгіштердің өзі қарсы тұра алмайтын ингредиент болып табылады. Мырыш пен мыс сияқты маңызды минералдармен байытылуы арқылы пайдалы боларын кім білген? Бұл бас терісіне қажетті қоректендіретін элементтермен қамтамасыз етіп, сау шаш көркін сақтап, әдемі шаштың негізін қалыптастырады.

  • 4
    балғын жемістер

    ЖАСЫЛ КӨКӨНІСТЕР

    Біз барлығымыз көкөністердің пайдалы екендігін білеміз. емір мен табиғи талшықтармен байытылған асжапырақ, сіздің бас теріңізге керемет әсер етеді. Бұл пайдалы қоректендіретін элементтер сау тері майы бөлінуін қамтамасыз етіп, бас терісін құрғақтанудан әрі қабыршақтанудан сақтайды.

  • 5
    балғын жемістер

    ҚЫЗЫЛ ЕТ

    Тосын сый! Ет сүйгіштердің қуанышына орай, майсыз қызыл ет сіздің шашыңыз үшін маңызды тағамдардың бірі. Оның құрамында шаш түбірінде сақталып, шаш өсімін қамтамасыз ететін темір бар. Темір сонымен қатар басқа қоректендіргіш элементтерге шашқа тез сіңірілуіне септігін тигізеді. Стейктің кішкене дәмді бөлігі сіздің дәм сезу рецепторларыңызға да пайдалырақ - әрбір бөлшегі бас теріңіздің сау болуы мен шашыңыздың қайратты болуына көмектеседі.